Ақтөбеде 2000 ж.т. және одан жас спортшылар арасында үстел теннисі бойынша жеке, жұптық және аралас разрядтардың финалдық жарыстарының Қазақстан чемпионаты аяқталды. Олимпиадалық резервтерді дайындау Орталығының спорт залында алты күн бойы Астана, Алматы, республиканың облыстық орталықтарынан 100-ден астам спортшылар жарысты, алайда еліміздің балалар-жас өспірімдер үстел теннисінде соңғы үш-төрт жыл бойы басым болғандар ғана мақтау тұғырына жақындады. Қыздар арасында алтын медальді Анель Бақыт (Алматы) және Ангелина Романовская (Павлодар облысы) сарапқа салды. Алматы қаласы «Шаңырақ» ықшам ауданындағы олимпиадалық резервтегі арнайы мектеп-интернат колледжінде қыздар тұрады және жаттығады, жұптық разрядтарда бірлесіп республикалық турнирлерде, чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жетті. Бұл жолы олар жеке финалда бетпе-бет келді. Тамаша тартыстағы әдемі матчта Анель Бақыт 3:2 есебімен жеңісін тойлады. Сарвиноз Мірқадірова (Оңтүстік Қазақстан облысы) үшінші орынды алды.
Жасөспірімдер
финалы тартысты және эмоционалды көрініс ретінде болды, Искандер Харкиге (Жамбыл облысы) қарсы чемпионат қожайыны Бейбол Сағын
(Ақтөбе) ойнады. Жеңіс таразысы бірде бір жаққа бірде екінші жаққа ауысып
тұрды, қай жақ табысқа жететіндігін ешкім білмеді. Шешуші бесінші партияда Искандер
байсалды ойнап, Қазақстан чемпионы (есеп 3:2) болды. Жүлделі үшінші орында Ирисбек Артукметов (Оңтүстік Қазақстан облысы).
Қыздар жұбы:
1 орын Сарвиноз Мірқадірова
– Озода Азатова (ОҚО)
2 орын Айкерім
Асықбек (Жамбыл облысы) – Александра Смирнова (Қарағанды облысы)
3 орын
Ангелина Романовская (Павлодар облысы)
– Анель Бақыт
(Алматы)
Жасөспірімдер жұбы:
1 орын Бейбол Сағын
(Ақтөбе) – Сергей Коновалов (ШҚО)
2 орын
Искандер Харки – Абдулмажит Харки (Жамбыл облысы)
3 орын Ердос Құралбай
– Ирисбек Артукметов (ОҚО)
Аралас жұптар:
1 орын
Искандер Харки (Жамбыл облысы)
– Анель Бақыт
(Алматы)
2 орын Сарвиноз Мірқадірова
– Бағдаулет Әкімали
(ОҚО)
3 место Ирисбек Артукметов – Озода Азатова
(ОҚО)
Ақтөбеде
Қазақстан чемпионатының (48-дің 34-ін)
70 пайызын кімнің тәрбиеленушілері жеңіп
алғанын,Алматы қаласы «Шаңырақ» ықшам ауданындағы
олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат
колледжінің жаттықтырушыларының Евгений Тимченко, Рустам Миросланов, Бахытжан Тұрғын
мен Алексей Тимченконың еңбектерін атап өту қажет.