Ел чемпионаты жаңа рекордтармен!

18.01.2021

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты жеке, жұптық, аралас разрядтардағы финалдық жекпе-жектермен аяқталды.

Ерлер жұбы.

1 орын: Тимур Келбұғанов (Алматы), Эрик Райтер (Қарағанды);

2 орын: Самат Бейсенов (Алматы), Марат Сұртұбаев (Қарағанды);

3 орын: Бекұлан Жамал - Ырысбек Артұқметов (Шымкент), Дастан - Айдос Кенжеғұловтар (Орал).

Әйелдер жұбы.

1 орын: Әнел Бақыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы);

2 орын: Гүлчехра Құсейінова (Орал), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан);

3 орын: Зәуреш Ақашева (Қарағанды) - Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал) - Александра Смирнова (Қарағанды).

Аралас жұп.

1 орын: Айдос Кенжеғұлов (Орал), Әнел Бақыт (Шымкент);

2 орын: Эрик Райтер (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан);

3 орын: Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы) - Алина Борисюк (Қостанай), Владислав Захаров - Зәуреш Ақашева (Қарағанды).

Ерлер жеке есеп.

1 орын: Алан Құрманғалиев (Қарағанды);

2 орын: Дастан Кенжеғұлов (Орал);

3 орын: Ырысбек Артұқметов (Шымкент);

3 орын: Айдос Кенжегулов (Орал).

Әйелдер жеке есеп.

1 орын: Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент);

2 орын: Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан);

3 орын: Гүлчехра Құсейінова (Орал);

3 орын: Алсу Сапарова (Орал).

"Saryarka" үстел теннисінің орталығында алдағы жылдары қайталау оңай болмайтын рекордтар орнатылғандықтан, қазіргі чемпионат тарихта ұзақ уақытқа дейін қалады. Бірінші рекорд - 14 жасар Алан Құрманғалиев 2012 жылы 15 жасында чемпион атанған Кирилл Герасименконың (Нұр-Сұлтан) жетістігін жаңартты. Екінші рекорд - Сарвиноз Мирқадірова (15 жас) әйелдер арасындағы жеке есепте ең жас алтын жүлдегер атанды. Финалдық кездесулерден кейін чемпион-рекордсмендер Алан мен Сарвинозды Қазақстан үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин құттықтап, оларға алдағы уақытта да спорттық табыстар тіледі. Үшінші рекорд - ел чемпионатының финалында алғаш рет 48 жастағы кіші ракетка шебері ойнады - бұл қарағандылық Марат Сұртұбаев, ол жұптық сында екінші орын алды. Сондай-ақ, бұл жарыстарда "алғаш рет" сөзін жиі айтуға тура келді. Бұл Батыс Қазақстан облысының ерлер құрамасына және алғаш рет чемпион атанған Әнел Бақыт - Ангелина Романовская әйелдер дуэтіне қатысты. Дарынды Ырысбек Артұқметов алғаш рет қола, ал Дастан Кенжеғұлов күміс жүлдесін жеңіп алды.

Чемпионаттың қорытындысын бас төреші, біздің құраманың бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева қорытындылады: "10 ай бойы жарыс тәжірибесінің болмауына қарамастан, теннисшілер чемпионатқа өте жақсы дайындалған түрде келіпті. Айдос Кенжеғұлов, Сағантай Құрмамбаев, Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки сияқты ойыншылардың техникалық және тактикалық тұрғыдан ілгері басуларын ерекше атап өткім келеді. Олардың арасындағы бәсекелестік олардың одан әрі өсуіне оң әсер етеді. Сарвиноз Мирқадірова өзінің ойынымен және нәтижесімен бізді қуантты. Дәстүрлі түрде тұрақты, сауатты ойынды атақты Анастасия Лаврова көрсетті. Чемпиондар мен жүлдегерлер бойынша үстел теннисінің еліміздің барлық аймақтарында қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Біздің спорт түріміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін, елдегі материалдық базаны техникалық жағынан қайта жабдықтағаны үшін, бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттағаны үшін, халықаралық байланыстарды нығайтқаны үшін республикалық Федерацияға алғыс айтқым келеді, бұл спортшылардың одан әрі өсуіне серпін береді. Қазір біз Азия іріктеу турниріне (Катар) дайындала бастадық, ондағы басты міндет олимпиадалық лицензияны жеңіп алу болып табылады".



Талап Қойбағаров