Алматыда және Ақтөбеде үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының II туры матчтармен аяқталды.
4-ші лига, Алматы.
"Altay Pro - 2" (Өскемен) командасы 9 ойын өткізіп, 9 жеңіске жетіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орында "Nomad" (Алматы) және "Топжарған" (Шымкент) үшінші нәтижені көрсетті.
5-ші лига, Алматы.
Бірден
үш команда бірдей ұпай жинады, бірақ өз араларында ойындардың ең жақсы арақатынасы бойынша
"Stiga" (Алматы)
алдыға шықты, одан кейін "Mustafa-Rim" (Ақтау), "Қостанай" командалары келе жатыр.
6-шы лига, Ақтөбе.
CNPC-Ақтөбемұнайгаз, "ШҚО-2" (Өскемен) және "Astana-2" 6-шы лиганың
турнирлік кестесін басқарды.
Талап Қойбағаров