Ертең Орынбор қаласында «Астана» әйелдер командасы Ресей үстел теннисі Федерациясының Суперлига чемпионатының екінші турында ойын бастайды. Біздің қарсыластарымыз: «Нижегородка-1» (Нижний Новгород қ.), «ЦОП-2» (Краснодар қ.), СДЮСШОР № 12 (Самара қ.), «Комета» (Санкт-Петербург қ.), «Темп» (Ярославль қ.), «Сенкер» (Чебоксары қ.), МФНТ-Кадет (Мәскеу қ.) және «Vermut Miro Ganxets» ( Реус қ. Испания). Суперлигада 16 клуб ойнайды және екінші турдан кейін 14 ұпаймен МФНТ-Кадет (Мәскеу) және КНТ «Тюмень» командалары көш басында келе жатыр. Үшінші және төртінші орындарды әр қайсысы 13 ұпаймен - «Темп» (Ярославль қ.), ММК-Олимпия (Магнитогорск) командалары бөлісуде. «Астана» командасында 11 ұпай және бұл әзірге жетінші орын. Қазақстандық теннисшілерге сәттілік тілейік!
Талап Қойбағаров