Екі жартылай финалда - екі қола жүлде

25.01.2026

Катарда "WTT Youth Star Contender" халықаралық турнирінде Алан Курмангалиев (жаттықтырушысы Эльмира Алиева) екі қола медаль жеңіп алды. Жеке разрядта қазақстандық бес жеңіске жетіп, жартылай финалда ғана жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абхинандху Прадхивадхиге (Үндістан) жол берді.

Халықаралық дуэт Алан Курмангалиев/Игнас Сисановас (Қазақстан/Литва) үшінші орынды иеленді.


Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров