Екі түрлі финал

19.03.2025

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында командалық есептегі алтын, күміс жүлдегерлер анықталды. Егер ерлер арасындағы финалдық матчта Шығыс Қазақстан облысының құрамасы өз қарсыласын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңсе, әйелдер арасындағы сайыста алматылықтар 0:2 есебімен жеңіліп жатып, жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетіп, 3:2 есебін жасап, бірінші орынды иеленді.

Ерлер, финал.

Шығыс Қазақстан облысы - Алматы 3: 0.


Сагантай Курмамбаев - Санжар Жубанов 3:1.

Денис Жолудев - Айдос Кенжигулов 3:1.

Сергей Коновалов - Дастан Кенжигулов 3:1.


1 орын Шығыс Қазақстан облысы (Денис Жолудев, Сагантай Курмамбаев, Сергей Коновалов, Темирлан Джиенбаев, Данян Ши).


2 орын Алматы (Дастан және Айдос Кенжигуловтар, Санжар Жубанов, Абдулла Мамай, Дамир Сарсенбай).


Әйелдер, финал.

Алматы-Қарағанды облысы 3: 2.


Сарвиноз Миркадирова - Жанерке Кошкумбаева 1:3.

Анель Бахыт - Зауреш Акашева 1:3.

Гузель Торшаева - Арай Ашкеева 3:1.

Сарвиноз Миркадирова - Зауреш Акашева 3:2.

Анель Бахыт - Жанерке Кошкумбаева 3:1.


1 орын Алматы (Сарвиноз Миркадирова, Анель Бахыт, Гузель Торшаева, Екатерина Пюрко, Айя Алимбаева).


2 орын Қарағанды облысы (Зауреш Акашева, Жанерке Кошкумбаева, Арай Ашкеева, Альбина Жаксылыкова, Дарья Фу).

Қазақстан чемпионаты жалғасуда.


Талап Қойбағаров