Ең үздіктер арасында бірінші

21.12.2019

Нинбо қаласында (ҚХР) Румыния, Белоруссия, АҚШ, Сингапур, Израиль, Үндістан, Малайзия, Греция, Иран, Франция, Испания, Мальдив, Қазақстанның қатысуымен және қытайлық жұптас-серіктестерімен өткен "Hopes Week" әлемдік турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Біздің республикамыздың атынан "ITTF Asia Hopes Week" турнирінің жеңімпазы, "ITTF World Hopes Week" турнирінің күміс жүлдегері Алан Құрманғалиев қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева әңгімелейді: "Жас теннисшілермен бір апта бойы тәжірибелі тәлімгерлер Чжун Цзиньюн және кадеттер бойынша ITTF бас маманы (Халықаралық үстел теннисі федерациясы) итальяндық Массимо Костантини шұғылданды. Бірыңғай үлгі бойынша шұғылдандық: таңертеңнен бастап қытайлық теннисшілермен жұптасып жаттықтық, доп беруді, қысқа ойынды, реакцияға арналған жаттығуларды жетілдірдік. Соңғы тапсырма- ол допты ұстап тұру үшін бүкіл үстелдің оң жағында топ-спинмен ойын болды.

Түскі астан кейін әр елден келген кадеттер бір-бірімен жаттықты. Екі-үш тапсырма ойынның шабуылдаушы элементтерін тұрақты орындауға, содан кейін доп берумен әртүрлі тактикалық комбинациялар пысықталды және соңында жаттықтырушылармен мультибол ойналды. Күнделікті жарты сағаттық жалпы физикалық дайындық, жаяу жарыс, созылу және икемділік жаттығулары. Спортшылар, жаттықтырушылар екі семинар тыңдады. Оқу-жаттығу жиынының соңында айналым жүйесі бойынша турнир өтіп, Алан Құрманғалиев бірінші орынға ие болды. Чжун Цзиньюн және Массимо Костантини Аланның жақсы дайындығын, оның айналуын, топ-спиннің күштілігін атап өтіп, жас қазақстандыққа жылдамдық сапасын жақсартуды ұсынды".

Алан Құрманғалиев: "Нинбодағы оқу-жаттығу жиыны мен турнир жоғары деңгейде өтті. Тамаша спорт залы, 54 үстел, қызықты, пайдалы жаттығулар. Маған қытайлық-құрдастар мен менен жасы кішілер қатты әсер қалдырды, олар мықты және сауатты ойнайды, өте еңбекқор".

Талап Қойбағаров