Ең мықтылар жеңді

14.01.2021

Қарағандыда үстел теннисі орталығында Қазақстан чемпионаты жалғасуда. 13 қаңтарда командалық есептегі чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Ерлер құрамалары арасында Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысы қола медальға ие болды:

ШҚО - Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Нұртай Мамырбек, Нұрсұлтан Мұратқалиев, жаттықтырушысы Ольга Архипова.

Шымкент - Бекұлан Жамал, Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек Артұқметов, Азамат Алтай, Сарвар Ырысәлиев, жаттықтырушылары Нұрлан және Ердәулет Оразбаевтар, Миряқұб Мирасланов.

Әйелдер арасында үшінші орында Нұр-Сұлтан және Шымкент:

Нұр-Сұлтан - Анастасия Лаврова, Мәлика Сандыбаева, Алиса Цвигун, Елена Зубкова, Елизавета Лаврова, жаттықтырушылары Руслан Жетубаев, Геннадий және Татьяна Герасименколар, Серік Мырзаспаев.

Шымкент - Әнел Бақыт, Сарвиноз Мирқадірова, Таңшолпан Шапей, Озода Азатова, Аида Үсіпбаева, жаттықтырушылары Нұрлан және Ердәулет Оразбаевтар, Миряқұб Мирасланов.

Финалдық матчтарды Қарағанды (2020 жылы үшінші орын) мен Батыс Қазақстан Облысының (2020 жылы 1 орын) теннисшілері бастады. Қызықты, шиеленіскен текетірестің есебі 2:2 болғанда, "Saryarka" орталығының алаңына Алсу Сапарова (БҚО), Арай Әшкеева (Қарағанды) шықты. Оң жақтан домалату, сол жақтан кесу, оң жақтан топ-айналдыру, жұмсақ қабылдау, орта аймақтан айналдыру, жақын аймақтағы контр топ-спин - үстел теннисінің барлық сұлулығын жас спортшылар көрсетті. 3:2 есебімен 17 жасар Арай Әшкеева жеңіске жетіп, Қарағандыға командалық алтын әкелді.

Арай Әшкеева: "Жақында іріктеу турнирінде мен Алсумен ойнап, оған жол бердім. Финалдық кездесуге шыққан кезде маған қандай жауапкершілік жүктелгенін түсіндім. Мен толқуды жеңдім, жиі шабуыл жасадым, аз қателіктер жібердім және өз командамды жеңіске жетелегеніме қуаныштымын".

Қарағанды чемпион: Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский. Екінші орында БҚО - Гүлчехра Құсейінова, Алсу Сапарова, Гаухар Алмағамбетова, Аружан Бекіш, Аружан Ілияс, жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин.

Ерлер құрамалары арасында Батыс Қазақстаннан Айдос және Дастан Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Дамир Мэлсов, Болат Ниетқалиев (жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин) көзге түсті. Финалда олар қарағандылықтарды 3:0 есебімен жеңді, нәтижесінде Қарағандыда күміс жүлде (Эрик Райтер, Владислав Захаров, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский).

Айдос Кенжеғұлов: "Кеше оң білегімнің ауырғанын сездім және бүгін Алан Құрманғалиевке қарсы ойнағанда өте ыңғайсыз болды. Допқа соққы берген кезде, қолым қақсап, денем ауырды. Мен ауыр жарақат алмаған шығармын деп үміттенемін".

Қазақстан чемпионаты жеке, жұптық және аралас разрядтардағы сайыстармен жалғасады.


Талап Қойбағаров