Ең мықтылар арасындағы үздіктер

06.05.2019

Алина Борисюк (Қостанай облысы), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Нұрдәулет Нұғай (Батыс Қазақстан облысы) және Екатерина Пюрко (Солтүстік Қазақстан облысы) 2001 ж.т., 2004 ж. т. және одан кіші жас санаттарында елдің кіші ракеткасының мықты шеберлерінің "ТОП-12" турнирін жеңіп алды. Алматыда үш күн бойы республикалық үстел теннисі Федерациясының залында қазақстандық спорттың ең үздік үміттерінің шайқасы өтті. Чемпион, жүлдегерлер екі жарыстағы орындар бойынша анықталды және медальдарға тек қана ең дайындалған, ТОПта тұрақты өнер көрсеткендер қол жеткізді. Осындайдың бірі Алина Борисюк: "Алматы жарыстарының алдында мен Ақтөбеде 2001 ж.т. теннисшілер арасында ел чемпионатында ойнадым және 5 орын алдым. "ТОП-12" турниріне келіп, сәтті ойнауға тырыстым және менің жетістіктерім болды. Менің қарсыластарым өте күшті және оларды жеңу үшін бірдеңені өзгерту керек болды. Матчта мен көбірек ойға салдым, жиі қуланып, ойнай бастадым. Олар күніне екі рет жаттығады, ал мен тек бір рет жаттығамын, сондықтан тактикада жеңіске жетуге тура келді. Турнирдің алғашқы күні мен екі кездесуде – Ангелина Романовская мен Анель Бақытқа ұтылып қалдым, қатты көңілім түсті. Екінші күні мен Сарвиноз Мірқадірованы 3:2 есебімен жеңе алдым, қуанып, чемпион атануға сендім".

Турнирдің алғашқы екі күнінің көшбасшысы Анель Бақыт (Алматы) күміс медальға ие болды, ал Ангелина Романовская (Павлодар облысы) қола жүлдеге ие болды. Кіші қыздар арасында Екатерина Пюрко жеңіске жетті, ол бірінші күннен бастап шайқаста алға шығып, құрмет тұғырының жоғары сатысына Аружан Ілиясты жібермеді (Батыс Қазақстан облысы, күміс), Аружан Нұржанқызы (Түркістан облысы, 3 орын).

Ер балалар арасында "ТОП-12" –нің басты жеңіске деген үміткері Сағантай Құрмамбаев болды (Шығыс Қазақстан облысы), ол өз шеберлігінде ешкімді күмәндатпады және алтын жүлдеге лайықты түрде ие болды. Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Ырысбек Артұқметов (Шымкент) екінші және үшінші орындарды иеленді.

Кіші жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанғандар Нұрдәулет Нұғай (1 орын, Батыс Қазақстан облысы), Дамир Қыстаубаева (2 орын, Алматы облысы), Ерасыл Ғайнеденов (3 орын, Ақтөбе облысы).


Талап Қойбағаров