"Saryarka" Қарағанды үстел теннисі орталығында Қазақстан ұлттық командасының оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) басталады. ОЖЖ-ның мақсаттары мен міндеттері туралы біздің құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия, суретте) былай деді: "Бір жарым аптадан кейін Республикалық Жастар Спорттық Ойындарының бағдарламасында турнирлік ойындар басталады, сондықтан ОЖЖ-да негізінен ойын байламдарымен айналысамыз: оң жақтағы топ-спин, сол жақтағы топ-спин және доп беру, қорғаушы/шабуылшы әдістері, ұпай ұтысының тактикасы, қорғаныс стиліне қарсы шабуыл және т.б. Біз теннисшілерді физикалық тұрғыдан қатты жүктемейміз, олар жауапты жарыстарға шаршамай келулері керек. Ең бастысы - техниканы шыңдау".
Талап Қойбағаров