Дунай жағалауынан қола медаль

03.04.2026

Нови-Сад қаласында (Сербия) 22 елден келген спортшылардың қатысуымен үстел теннисінен «WTT Youth Contender Novi Sad» халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық Бакдаулет Нуржан (Шымкент) U11 жас санатында қола медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз.

Қалған теннисшілеріміздің нәтижелері келесідей:


Зангар Абдимажит (Шымкент, U13) - ширек финалға дейін жетті.

Бекболат Абзалбек (Шымкент, U11) - ширек финал.

Бакдаулет Нуржан (Шымкент, U13) - ширек финал.

Алем Би Айдарбек (Қызылорда, U15) - 1/8 финал.

Аделя Әлжанова (Қызылорда, U15) - 1/16 финал.


Аралас разряд.

Алем Би Айдарбек/Аделя Әлжанова (Қызылорда) - 1/16 финал.


Талап Қойбағаров