Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездесу барысында өткен жылы 331 миллион теңгеге "Тереңкөл" ауылын абаттандыру бойынша 16 жоба қаржыландырылғанын атап өтті. БЖСМ-ның ескі стадионы қайта жаңартылды, мектеп жанындағы интернат қайта жабдықталды, жеті көше асфальтталды. Жақында үстел теннисі залы қайта жаңартылды, оны республикалық Федерация кәсіби еден жабынымен, төрешілер жабдығымен жабдықтады. Қыркүйек-қазан айларында арнайы залда бірнеше үміткерлер мен спорт шеберлерін, разрядтаушыларды даярлаған №1 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ермек Қытаевты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өткізу жоспарлануда.
Талап Қойбағаров