Дүниежүзілік үстел теннисі күні де жақындап қалды. Жаһандық іс-шара, әдеттегідей, 6-шы сәуір күні басталады және осы күні спорттың осы сүйікті түрі барлығына және әр адамға қолжетімді болады, өйткені бүкіл әлем бойынша үстел теннисін өрлету мен дамытуға бағытталған жүздеген түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Өткен жылғы Дүниежүзілік үстел теннисі күні өте табысты болды. Әлем бойынша барлығы ресми тіркелген 922 оқиға болды, ал география бойынша оған 107 ел қатысты. Белгілі бір бағалаулар бойынша жалпы қамту бүкіл жер шарында 700 мың адамға жетті. Алайда қозғалыс ары қарай дамуда, және жаңа рекордты осы жылы орнатуға болады! Дайындалуды ертерек бастаған сайын-соғұрлым көп нәрсені үлгеруге болады, сондықтан да Халықаралық Федерация Дүниежүзілік үстел теннисі күні аясында түрлі оқиғалар мен іс-шаралардың тіркеуін ашты. Іс - шаралар кез-келген болуы мүмкін - үстел теннисіне арналған көп сағаттық марафон немесе көпшілік турнирлер, мектептердегі мастер-кластар немесе ерекше жерлердегі ойындар-ең бастысы, барлық қатысушылардың: үстел теннисінің барлығына қолжетімді екенін және бұл спорттың қуаныш әкелетінін түсінулері керек. 2020 жылғы Дүниежүзілік Күннің қосымша тақырыбы – ол климаттың өзгеруі. Халықаралық Федерация спорттың көмегімен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге адамның реакциясының маңыздылығы туралы түсіндіруді міндет деп қояды. Бүгін дайындықты бастаймыз және жақында көрісеміз!
ITTF материалдары бойынша