Дүниежүзілік үстел теннисі күні

23.04.2026

Бүгін үстел теннисінің әуесқойлары мен кәсіпқойлары 2015 жылдан бері тойланып келе жатқан, спортты дәріптеуге, адамдарды біріктіруге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік үстел теннисі күнін атап өтуде және биыл ол үстел теннисінің жүз жылдығына орайластырылған.

2023 жылдан бастап Дүниежүзілік үстел теннисі күні 23 сәуір - әйгілі британдық теннисші, 1926 жылғы алғашқы әлем чемпионатының ұйымдастырушысы, сондай-ақ (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының Тұңғыш Президенті Айвор Монтегюдің туған күніне орай.

ITTF мәліметтері бойынша, барлық континенттерде кәсіби түрде үстел теннисімен айналысады және 227 ел халықаралық федерацияның мүшелері болып табылады.


"Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының атынан үстел теннисінің бүкіл отбасын кәсіби мерекемен құттықтаймын және зор денсаулық, амандық, жаңа спорттық шыңдарды бағындыруды тілеймін. Барлық мақсаттарға қол жеткізіп, жоспарлар жүзеге асырылсын".

ҚР Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулгазин.