Алматыда үстел теннисінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (аға жаттықтырушы Самат Бейсенов) мен УГМК клубының (Ресейдің Свердлов облысы) спортшылары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Өз әсерімен УГМК жаттықтырушысы Дмитрий Криушкин бөлісті:
«Сіздің әдемі қалаңызда тағы болу өте тамаша. Мұнда кеңес
заманында ойыншы ретінде болғам.
УТС керемет өтеді, ал мұндағы жағдай, мен көрген ең жақсылардың бірі. Тұру, тамақтану, жаттығу - барлығы бір жерде
орналасқан. Орталық керемет. Мен 6 спортшыны әкелдім, оның бесеуі 2008 жылы туған
және біреуі 2009 ж. Евгений Васюков
(2008 ж.т.) өзінің жасы бойынша Ресей
рейтингінде бірінші, Александр Тюленев бесінші. Қалғандары ТОП-16-ға кіреді, ал
Артем Ямщиков 2009 ж. т. Ресей Федерациясындағы төртінші. Жас санаттарында олардың барлығы командада, жұпта,
жеке разрядта Ресей біріншілігінің чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Алматыға
перспективалы, мықты ойыншылар келді. Балалар қазақстандық теннисшілерден кіші,
бірақ оларға аға әріптестерімен жаттығу жасау пайдалы. Сіздің теннисшілеріңіз
физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған, техникасы жоғары деңгейде, тактикалық
сауатты, өте жақсы спарринг-серіктестер».
Талап Қойбағаров