Дипломды мамандар елге қажет

29.06.2022

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2022 жылғы ел чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, үстел теннисінен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Зәуреш Ақашева (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) академик Евней Арстанович Букетов атындағы Қарағанды университетінде дипломын сәтті қорғап, дипломды маман атанды. Құттықтаймыз!

Зәуреш Акашева: "Диплом тақырыбы" Физиканы үстел теннисінде қолдану". 3 курста мен үстел теннисіндегі физика заңдары туралы жоба дайындадым, өйткені бұл тақырып маған өте жақын және қызықты. Жұмыста маған сүйікті спорт түрінде қолданылатын доптың әртүрлі айналуы және олардың әрқайсысы үшін физикалық күштердің бағыттары сипатталған. Қаптамалардың түрлері, олардың айырмашылықтары және ойында қолданылуы туралы түсіндірдім. Мен негіздердің ішкі құрамын химиялық және физикалық тұрғыдан зерттедім. Максималды соққы күшіне, доптың максималды деформациясына теориялық есептеулер жүргіздім және тегіс қаптама, қысқа бүртабандар мен ұзын бүртабандар үшін серпінділік коэффициентін есептедім. Дипломды қорғау ағылшын тілінде өтті, куратор, ғылыми жетекші барлық эксперименттерді орындау кезіндегі тақырыпқа деген тәсілді ұнатты. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері жұмысты 100 баллға бағалады".


Талап Қойбағаров