Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы үстел теннисінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебінің директоры, ҚР спорт шебері Денис Жолудев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Құттықтаймыз!