Қазақстандық спортшы Анастасия Лаврова 125 жылдан астам тарихы бар "SV Schott" спорт клубының (Йена қ.) құрамында үстел теннисінен неміс бундеслигасының 2-ші лигасында дебют жасады. Эдже Харак (Түркия), Анастасия Лаврова (Қазақстан), Майя Кунац (Беларусь), Карлин ван Лиероп (Голландия) 4 матч өткізді, олардың үшеуінде Германия чемпионатының көшбасшыларынан жеңілді - олар "TuS Uentrop" (Хамм қ., турнир кестесінде 1-орын), "TTK" (Анрехте қ., 2-орын), "DJK BW" (Виттен қ., 3-орын) және "TTC" (Лангвейд қ., 5-орын) клубын жеңді. Сенбіде "SV Schott" Оффенбургте "DJK" - клубымен ойнайды. Анастасия Лавроваға және оның командаластарына сәттілік!
Суретте солдан оңға қарай "SV
Schott" клубынан Эдже Харак, Анастасия Лаврова, Майя Кунац, Карлин
ван Лиероп.
Талап Қойбағаров