Дарынды жастары бар ежелгі қала

06.10.2020

Қазақстанның үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің қолдауымен және тікелей қатысуымен Түркістан қаласында (біздің дәуіріміздің V ғасырында құрылған) мамандандырылған зал ашылды, енді оңтүстік тұрғындары еліміздің ең көне қалаларының бірінде дарынды спорттық жастарды даярлауды жалғастыратын болады. Рамазан Нәзір, Аружан Нұржанқызы, Нұржігіт Жолдыбай, Назым Серікбай, Рахима Рахымтаева, Абдұлла Мамай, Шахзода Ахмадәлиева, Қарақат Бегайдар, Ұлдана Байболат, Бабұр Бақаев, Марлен Жұмағұл сияқты спортшылар жаттықтырушылары Ержан Есімханов, Оразбек Божбанбаев, Мұхтар Сыздықовтың басшылықтарымен жарыстарда табысты өнер көрсетіп, ел біріншіліктерінен, "Алтын күз", "Шаңыраққа жол" халықаралық турнирлерінен алтын, күміс, қола медальдарды үйлеріне тұрақты түрде әкеліп тұруда.

Талап Қойбағаров