Данияр Абулгазин жазғы спорт түрлері бойынша ҚР ҰОК Вице-президенті болып сайланды

27.02.2024

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өтті, онда ұйым қызметінің негізгі сәттері ұсынылып, маңызды шешімдер қабылданды. ҚР ҰОК жоғары басқару органының отырысына олимпиадалық спорт түрлері бойынша 35 Ұлттық спорт Федерациясының өкілдері және ҚР ҰОК спортшылар комиссиясының екі өкілі қатысты.

ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев Бас Ассамблея мүшелеріне ұйымның Президенті лауазымындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қабылданған шешім туралы хабарлады.

ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері, көптеген чемпиондық атақтар мен наградалардың иегері Геннадий Головкин ҚР ҰОК президенті болып сайланды.


ҚР ҰОК Атқару Комитеті мен Тексеру комиссиясының құрамы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өз жұмысын аяқтады. ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша Атқарушы Комитеттің, Тексеру комиссиясының келесі құрамы сайланды және "Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы" ҚБ президенті Данияр Абулгазин жазғы спорт түрлері бойынша Вице-президент болды.