Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының басшысы Данияр Абулгазин Орталық Азия бойынша Азия үстел теннисі Одағының (ATTU) вице-президенті лауазымына қайта сайланды.
Дауыс беру бүгін, 12 қазанда Астанада ATTU Бас
Ассамблеясы аясында өтті. Оның кандидатурасын жиналысқа қатысушылар бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, Данияр Абулгазин 2021 жылдан бері Орталық
Азия бойынша вице-президент қызметін атқарып келеді. Енді оның мерзімі 2028 жылға
дейін жалғасады.
Әріптестер соңғы жылдары Қазақстанда үстел теннисінің
даму барысын, оның ішінде халықаралық турнирлерді жоғары деңгейде ұйымдастыруды
және бүкіл ел бойынша инфрақұрылымның кеңейюін атап өтті.
Ұйымдастырушылық жетістіктерден басқа, Бас Ассамблея қатысушыларының
назарын Қазақстанның спорттық жетістіктері де аударды. Кирилл Герасименконың
Париж-2024 Олимпиада Ойындарында өнер көрсетуі және Алан Курмангалиевтің жастар
арасындағы әлем чемпионатында миксте жеңіске жетуі ерекше атап өтілді.
"Данияр Рустэмұлының қайта сайлануы оның көшбасшылық
қасиеттерін және Орталық Азиядағы үстел теннисінің дамуына қосқан үлесін
растайды, бұған халықаралық деңгейде көрсеткен сенім мен қолдау дәлел. Оның
басшылығымен өңір халықаралық аренада өз позициясын нығайта беретініне
сенімдіміз", - деп атап өтті Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының бас
хатшысы Данил Пак.
Сондай-ақ Бас Ассамблея мүшелері ATTU Президенті Халил Аль-Моханнадиді
(Катар) қайта сайлады. Ол ұйымды 2021 жылы басқарды және 2028 жылға дейін Азия үстел
теннисі одағын басқаруды жалғастырады.
Конгресс Астанада XXVII Азия чемпионатын өткізу аясында өтті. Құрлықтық біріншілік алғаш рет Орталық Азияда өтуде.