Астанада кадеттер бойынша Қазақстан құрама командасының оқу-жаттығу жиыны өтуде.
"Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты-VIII "Азия балалары" спорттық ойындары, "WTT Youth Contender Almaty" жасөспірімдер турнирі сияқты ірі халықаралық жарыстардың алдында теннисшілердің техникасын жетілдіру, жаңа тактикалық элементтерді игеру, денесін жақсы шынықтыру.
Оқу-жаттығу жиынына спарринг-серіктестер ретінде спорт шеберлері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары, түрлі жылдардағы Қазақстан чемпиондары Руслан Тұрғамбаев, Әсет Сағымбаев, Тимур Келбуганов, Жандос Қасымбаев шақырылды. Олардың кәсіби тәжірибесі жас спортшыларға дағдыларын дамытуға көмектеседі", - деп бөлісті кадеттер бойынша Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ердәулет Оразбаев.
Талап Қойбағаров