Дағдарыс еңсерілді

08.11.2018

Линцте (Австрия) ITTF world tour әлемдік сериялы турнирде Кирилл Герасименко өзінің ойынын аяқтады. Парагвайлық Марсело Агуиреден кешегі жеңісінен кейін 4:1, бүгін Казихиро Яшимураға 2:4-пен жол берді. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың сұхбаты: «2:4-пен жеңілдік, алайда кездесуге мен ризамын. Нәтижесі жағымсыз болғаны аянышты. Екеуіде тамаша ойнады. Жапондық мықты теннисші, жақында Гонконгте PRO TOUR жеңіп алды. Егер Бельгия мен Швециядағы дағдарысты есептесек, Кирилл оны жеңді деп айтуға болады. Ол осы матчта жақсы көріне білді, жан толғанысы жағымды болды. Белсенді ойнады және оған сенімділік пайда болды, қайтадан күшейе түседі. Казихиро Яшимураның үстелдің шетіне түскен кезде, соңында жолы болды. Алайда Кирилдың бірқатар техникалық қателерінен оған жеңуге мүмкіндік болды».

Талап Қойбағаров