Черногориядан келген күміс

07.11.2026

Черногориядағы «Verde Complex» спорт аренасында үстел теннисінен «WTT Youth Contender Podgorica» жасөспірімдер турнирі мәресіне жақындап қалды. U11 жас санатында Түркістан облысының спортшысы Назерке Болатбек (жаттықтырушысы Ержан Есімханов) сәтті өнер көрсетті.

Ол Ко Джу Нинді (Сингапур) 3:1, Милица Гойковичті (Черногория) 3:0, София Вуйовичті (Черногория) 3:0, Флорентина Александруды (Румыния) 3:2, Еу Джин Иді (Сингапур) 3:2 есебімен жеңді. Ал финалда Ко Джу Нинге (Сингапур) 1:3 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Құттықтаймыз!


Талап Койбагаров