Чемпионнан мастер-класс

04.03.2025

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы, аралас разрядтағы КСРО халықтары Спартакиадасының чемпионы Дмитрий Переверзев Петропавлда жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған мастер-класс өткізді.

Дмитрий Переверзев :

"Алты күн бойы Солтүстік Қазақстанда жемісті жұмыс істедім. Күн сайын екі реттік және үш сағаттық жаттығуларға 7 жастан 18 жасқа дейінгі 60-тан астам бала, облыстың бес ауданынан 10 тәлімгер келді. Олардың көпшілігі біздің спорт түрінде алғашқы қадамдарын жасағандықтан, практикалық сабақтарда негізгі соққыларды, денені қандай тұрыста ұстап тұруды, допты беру әдістерін үйренді. Оларға ойын стратегиясы, техниканы жетілдіру үшін тәжірибе мен жаттығулардың маңыздылығы туралы айтып бердім. Мастер-класқа қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап бердім, олар барлық сабақтарды видеоға түсіріп, осындай ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты".


Талап Қойбағаров