Чемпиондық "Қазақстаннан келген алтын жұп"

30.05.2025

Ташкентте «WTT Youth Contender» халықаралық турнирі жалғасуда және үшінші ойын күні қазақстандықтар алтын медаль жеңіп алды - аралас разрядта Абдулла Мамай/Ноила Ханиязова сәтті өнер көрсетті. Финалға дейін олар үш жұпты жеңді, ал шешуші ойында Өзбекстандық қарсыластары Хуршид Ахмедов/Асель Еркебаевадан мықты болды 3:2.

Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров