Өткен жылдың көктемінде Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин өз қаражаты есебінен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан 20 жаттықтырушыға арналған стипендиялық бағдарлама құрды. Ағымдағы жылы тәлімгерлер тағы да стипендия алады және осы мақсаттарға 40 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді.
"Федерация тарапынан біз жаттықтырушылар үшін олардың
біліктілігін арттырып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде қосымша мотивация ұсына
отырып, қосымша мүмкіндіктер жасаймыз.
Соңғы жылдары әкімдіктердің қолдауымен және демеушілік қаражат
есебінен Қарағанды, Алматы, Астана, Тараз, Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент қалаларында
үстел теннисінің заманауи орталықтары ашылды.
Біздің спорт түріне балалар арасында да, ересектер
арасында да қызығушылық артып келеді, сондықтан жаттықтырушылар штатын
дамытамыз, оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптарын өткіземіз",-деп атап өтті
Данияр Әбілғазин.
Қазақстанда үстел теннисімен жүйелі түрде 220 мыңға жуық
адам айналысады, 280-ден астам жаттықтырушы жұмыс істейді, олар тұрақты негізде
8000-нан астам спортшыны жаттықтырады.
Талап Қойбағаров