Ақтауда «Маңғыстау арена» спорт кешенінде Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жүлдесі үшін VI халықтық спорт ойындарының бағдарламасындағы үстел теннисінен турнирі өз мәресіне жетті. Жеке жарыстарда алтын медальдарды спорт шеберлері, ел құрамасының мүшелері Тимур Келбұғанов (Алматы) және Анастасия Лаврова (Астана, суретте) ұтып алды. Бес кездесуде чемпиондар бес рет жеңіске жетті. Финалда Тимур 3:1 есебімен Бекұлан Жамалды (Шымкент) жеңіп кетті, ал Настя Наталья Сладковадан (Қарағанды облысы) басым түсті 3:0. Қола жүлдені Айя Әлімбаева (Алматы) және Денис Жолудев (Шығыс Қазақстан облысы) иеленді.
Талап Қойбағаров