Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының IV, қорытынды туры басталды. Суперлигада 10 команда бар және жарыстың бірінші күнінен бастап үш жеңістен қол жеткізген "Sigma" (Шымкент), "Greenwill" (Ақтөбе) командалары жеңіліссіз келе жатыр. Оңтүстікқазақстандықтар, батысқазақстандықтар барлық маусымда сенімді ойын көрсетуде, олар өздерінің құрамын ересектер мен жастар арасындағы РФ чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері мықты Ресей спортшыларымен күшейтті: олар Александр Тютрюмов («Sigma»), Никита Артёменко («Sigma»), Иван Никулин («Sigma»), Алексей Жуков («Sigma»), Руслан Алчимбаев («Greenwill»), Илья Березин («Greenwill»).
Екі ұтыспен, бір жеңіліспен көшбасшылар артынан КНТ
"Қарағанды", "Масаншы жолбарыстары", Хван Ман - Гым СК (Өзбекстан)
келе жатыр. Жексенбіде 2020/2021 маусымының чемпионы мен жүлдегерлері анықталады.
Жоғары лигада 23 команда бар, бірақ ең мықты дивизионға
жолдама алу үшін тек "Риха" (Қырғызстан), "Sigma Shymkent"
(Шымкент), "Павлодар" командалары ғана үмітті. Мұнда бәрі 12 желтоқсанда
белгілі болады.
"Setanta Kazakhstan" телеарнасымен жасалған
меморандум аясында чемпионаттың тікелей телетрансляциясы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, матчтарды тікелей эфирде Вee TV, Alma TV Box қосымшаларында көруге
болады.
Трансляция кестесі:
Сенбі 10:00-ден 17:50-ге дейін
Жексенбі 9: 30-дан 17:50-ге дейін.
Чемпионат жалғасуда.
Талап Қойбағаров