Чемпиондар мен жүлдегерлер медальдар ұтып алды, ал жеңілгендер тәжірибе алды

04.08.2022

Алматыда үстел теннисінен 2009 ж. т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Алты күн бойы "ADD" орталығының заманауи спорт залында сайыс тартысты өтті, жарысқа қатысушылар жолдастарының, тәлімгерлерінің, жанкүйерлерінің сенімдерін ақтауға тырысып, бар күштерін салды. Қорытынды: чемпиондар мен жүлдегерлер медальдар ұтып алды, ал жеңілгендер тәжірибе алды - бүгін ұтыласың, ал ертең сәттілік сен жақта болуы мүмкін.

Ұлдар, жеке разряд.

1 орын Мерей Болатбек (Шымкент)

2 орын Дәурен Жұмағазы (Маңғыстау облысы)

3 орын Мансұр Сүйіндік (Батыс Қазақстан облысы)

3 орын Бақдәулет Саурбай (Шымкент)


Қыздар, жеке разряд.

1 орын Аққу Темірханова (Маңғыстау облысы)

2 орын Айназ Әділгереева (Алматы)

3 орын Ноила Ханиязова (Түркістан облысы)

3 орын Дарья Фу (Қарағанды облысы)


Қыздар, жұптық разряд.

1 орын Айназ Әділгереева / Томирис Қосар (Алматы / Шымкент)

2 орын Аққу Темірханова / Ноила Ханиязова (Маңғыстау / Түркістан облысы)

3 орын Ақниет Амангелді / Мария Лукьянова (Шымкент / Қарағанды облысы)

3 орын Нұрсая Нұрман / Ұлдана Байболат (Нұр-Сұлтан / Түркістан облысы)


Ұлдар, жұптық разряд.

1 орын Ержігіт Серікбай / Бақдәулет Саурбай (Батыс Қазақстан облысы/Шымкент)

2 орын Табиғат Шәріпхан / Аслан Талғат (Алматы облысы/Шымкент)

3 орын Медет Нұрымов / Даниял Жұматов (Қарағанды / Батыс Қазақстан облыстары)

3 орын Ігітәли Сұлтанмұратов / Азат Ахматбеков (Шымкент / Қарағанды облысы)


Аралас разряд.

1 орын Ержігіт Серікбай / Ноила Ханиязова (Батыс Қазақстан / Түркістан облыстары)

2 орын Асылхан Мағзұмбеков / Дарья Фу (Қарағанды облысы)

3 орын Нұрбол Тоқтамыс / Руана Шымкентбай (Нұр-Сұлтан / Шымкент)

3 орын Бақдәулет Саурбай / Аққу Темірханова (Шымкент / Маңғыстау облысы).


Талап Қойбағаров