«Jenimpaz» үстел теннисі орталығы (Павлодар) 13, 14, 15 желтоқсанда өтетін 2024 маусымының 3 және 4 Лигаларында Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының қорытынды турына қатысушыларды қабылдайды. Бүгінгі таңдағы көшбасшылар:
3 лига (12 команда).
1 орын «Marten» (Жетісай)
2 орын «Sary Arka» (Астана)
3 орын «Jenimpaz» (Павлодар).
Он бесінші желтоқсанда алғашқы екі үздік команда екінші лигаға өтеді.
4 лига (12 команда).
1 орын «Ақтөбе» ҮТК
2 орын «Altay Pro-2» (Өскемен)
3 орын «ШҚО-1» (Өскемен).
Он бесінші желтоқсанда алғашқы екі үздік команда үшінші лигаға өтеді.
Талап Қойбағаров