Чемпионаттың қола жүлдегерлері

04.06.2025

Қарағанды «Saryarka» үстел теннисі орталығында 2014 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Қатысушылар саны 238, ұлдарда 19 команда, қыздарда 16 команда. Қарағанды облысы чемпионат қожайыны ретінде екі құрама шығарды. Қыздар арасындағы командалық есепте жарыстың финалистері мен қола жүлдегерлері анықталды.

Қыздар, финал 5 маусым.


Қарағанды облысы-Шымкент


3 орын Ақтөбе облысы ((Тамирис Тимуркызы, Тумар Өмірбеккызы, Сана Асылхан, Медина Амандык, Ева Курманова).


3 орын Қызылорда облысы (Әлжанова Аделя, Есенбек Гүлсезім, Әлжанова Мәриям, Ғалымқызы Ғайни, Серік Дайана).



Талап Койбагаров