Чемпион желтоқсанда анықталады

02.10.2018

Талдықорғанда Суперлиганың ерлер командалары арасындағы үстел теннисінен Қазақстан Республикасының Ашық чемпионатының үшінші туры «Астана» - «Жетісу» (Алматы облысы) командаларының кездесуімен аяқталды. Екі көшбасшы спорттық маусымды жақсы деңгейде өткізуде және желтоқсан айында ең алдымен олар 2018 жылдың алтын жүлдегерін анықтайтын болатын сияқты. Енді тікелей өткен ойынға көшсек. Бірінші болып ойын үстеліне Қазақстан чемпионы Денис Жолудев («Жетісу») және командалық есептегі Ресей чемпионы, жұптық разрядтағы қола жүлдегер Рамиль Мутыгуллин («Астана»)келді. Ресейлік ойынды шапшаң бастады және Денис қарсыласына үйренгенше, есеп 2:1 болды. Екінші партияда Денис Рамильден 4 ұпайға алдыға шықты, бірақ басымдылығын ұстай алмай 8:11 есебімен оған жол берді. Үшінші сетте Денис белсендірек ойнай бастады, жеңіске жақын болды алайда 10:12 есебімен жеңіліс тапты. «Астана» 1:0 есебімен алдыға шықты. Келесі кездесу. Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Тимур Келбұғанов («Жетісу») және командалық есептегі әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, паралимпиядаға қатысушы Павел Лукьянов («Астана») арасында болды. Павелдың Тимурдан аздап жасқаншақтағаны байқалды, сәттілік және өз күшіне ғана үміт ету керек екендігін түсініп, бірден шабуылға кірісті. Бірінші партияны 11:4 есебімен жеңіл ұтып кеткен болып шықты. Бірінші рет Тимур Келбұғанов Диас Сәрсембаевтың, Александр Герасименконың кеңестерін тыңдап және қарсыласына өз талабын қойды: есеп 13:11, 11:8, 11:6. «Астана» - «Жетісу» 1:1. Төреші ойын үстеліне Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Александр Герасименконы («Жетісу») және Ресей чемпионаты мен Кубогының жүлдегері Андрей Байбулдинді («Астана») шақырды. Ойын алдында Александр маған, жеңілмейтін қарсыластар болмайды деген болатын және ол өз сөзін ісімен көрсетті. Мықты шабуылдады және қулықпен допты берді, сауатты қорғана білді, нәтижесінде ол лайықты жеңіске жетті 11:9, 11:9, 14:12. «Астана» - «Жетісу» 1:2. Жұптық кездесу. Денис Жолудев және Тимур Келбұғанов әдемі жекпе-жекте Рамиль Мутыгуллин және Андрей Байбулдинге 1:3 есебімен өз еселерін жіберіп алды, жалпы есеп теңестірілді 2:2.

Әрі қарай, сондай-ақ қызықты. Тимур Келбұғанов «Жетісуды» 3:2 есебімен алдыға қарай шығарды. Андрей Байбулдин есепті теңестірді 3:3. Бүгінгі күнде кім мықты екен? Оны Александр Герасименко, Павел Лукьянов екеуі анықтады. Және тағы да Александр шабуылдаушы үстел теннисінде, командалық рухтыөзінің жеңіске деген құштарлығын көрсетті. «Астана» - «Жетісу» 3:4.

2018 жылғымаусымының Суперлига чемпионы желтоқсанда төртінші турда белгілі болады, ал әзірге турнирдік кестеде келесі ереже: 1. «Астана», 2. «Жетісу»(Алматы облысы), 3. «Шолақ Терек» (Қостанай облысы), 4. «ХванМанГым» (Өзбекстан), 5. «Масаншы» (Жамбыл облысы), 6. «Қостанай», 7. «Азия Микс» (Қырғызстан), 8. «Павлодар».

Талап Қойбағаров