"Қарағанды" клубының ойыншылары Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Вадим Ярошенко, Евгений Груздов, жаттықтырушысы Игорь Рубцов Павлодарда аяқталған үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының үшінші турында жеңіске жетті. Қарағандылықтар 9 матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті, ал жарыстың соңғы күні басты қарсыластары "Сарқан" (Талдықорған) клубынан 3:2-есебімен басым түсті. Сонымен, 1-орында "Қарағанды", 2-ші "Сарқан", 3-ші "Шолақ Терек" (Қостанай облысы). Көшбасшылардың үштігінен кейін олардың артынан "Sigma" (Шымкент), "Karven" (Қырғызстан), Павлодар, "Қарағанды-3" ҮТК, "Қазаэронавигация" (Астана), "Масаншы жолбарыстары" , "ХванМан-Гым" СК (Өзбекстан) келе жатыр.
I-ші лигада жеңіліссіз үшінші турды алматылық "Alga
Express" клубының ойыншылары Дастан мен Айдос Кенжегұловтар, Гузель
Торшаева ойнап өтті. Екінші орыннан оныншы орынға дейін мына командалар
иеленуде "Pro100" (Алматы), "Қарағанды-2" ҮТК,
"Andijan" (Өзбекстан), "Жетісу" (Талдықорған), "Жалын"
(Шымкент), "Ертіс" (Павлодар), "ОРОМБЖМ Қарағанды-1,
"Ардагер" (Алматы), "Хван Ман-Гым-2" СК (Өзбекстан).
Төртінші, финалдық тур желтоқсан айының ортасында өтеді.
Талап Қойбағаров