Алан Құрманғалиев 16-22 мамыр аралығында Владиславово қаласында (Польша) әлемнің 33 елінен 260-тан астам спортшының қатысуымен өткен "WTT Youth Contender" беделді халықаралық турнирінің чемпионы атанды. 15 жас санатында біздің спортшы 7 рет жеңіске жетіп, сенімді түрде алтын медальды жеңіп алды, осылайша ол планетаның үздік кадеті мәртебесін тағы да растады. Финалдық матчта Алан Француз ойыншысы Антуа Нуародан 3:1 есебімен басым түсті.
Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин спортшыны және жеке жаттықтырушысын құттықтады: "Алан Құрманғалиевтің Польшадағы халықаралық турнирде жеңіске жетуі кездейсоқ емес. Біз мұны халықаралық рейтингтік турнирлерде тұрақты өнер көрсетудің және орасан зор еңбектің заңды нәтижесі ретінде қарастырамыз. Соңғы кезеңде Алан ITTF халықаралық турнирлерінде әртүрлі дәрежедегі 13 медаль жеңіп алды және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рейтингте бірінші орынға ие болды. Алан мен оның жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваны шын жүректен құттықтаймын және халықаралық спорт аренасында одан әрі жеңістер тілеймін".