«Burabay Open» жеңімпаздары мен жүлдегерлері

13.07.2025

12, 13 шілдеде Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында үстел теннисінен «Burabay Open» Ашық республикалық турнирі өтті. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Астанадан 35 спортшы (29 ер, 6 әйел) қатысты.

Жарыс жекелей сында өтті және оның қорытындысы бойынша құрмет тұғырына көтерілгендер:

Әйелдер.

1 орын Меруерт Тажимова (Көкшетау)

2 орын Малика Сандыбаева (Астана)

3 орын Алия Абжанова (Астана).


Ерлер.

1 орын Тимофей Герасименко (Астана)

2 орын Марат Суртубаев (Қарағанды)

3 орын Александр Герасименко (Астана).



Жеңімпаздар, жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Караулов қатысты.

Турнир Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясының, сондай-ақ Ақмола облысының үстел теннисі Федерациясының қолдауымен өткізілді.