Буэнос-Айресте бізді ешкім күтіп тұрған жоқ

11.06.2018

Тынық мұхиттың Раротонга аралында 6 мен 18 қазан аралығында Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін, 3-і Жасөспірімдер Олимпиядалық Ойындарына соңғы біліктілік іріктеулері аяқталды. Бірінші құрлықтық турнир Африкада өткен болатын, содан кейін Үндістанның азиялық біліктілігі, ары қарай Латын Америкасында, Еуропада, Мұхиттарда, Солтүстік Америкада болады. Соңғы нәтижесінде бақыттылар анықталды: 32 ұл, 32 қыз балалар және олар Олимпиадада аралас командалық турнирдің жеке жарыстарында өнер көрсететін болады. Өкінішке орай қазақстандық спортшылар Айдос Кенжеғұлов (Орал) және Зәуреш Ақашева (Қарағанды) Буэнос-Айреске жолдамаларды ұтып ала алмады. Раротонга аралында жарыстың бірінші күні Зәуреш жартылай финалға шығу үшін түрік қызы Озге Юлмазбен шайқасты және 2:4 есебімен оған есесін жіберіп алды. Келесі күні Зәуреш жартылай финалға жетті, онда оны мықты қорғаушы Малайзиялық Ли Сиан Алисе күтіп тұрды. Біздің тенисистка тырысты, бірақ мықты деңгейдегі қорғаушыларға қарсы ойын тәжірибесінің болмауы Зәурешке қарсы ойын көрсетті және Зәуреш қарсыласынан ұтылып қалды, қарсыласы Аргентинаға жолдаманы ұтып алды.

Айдос Кенжеғұлов екі күнде ¼ финалында екі жекпе-жек өткізді және жартылай финалға, содан кейін финалға тиісіншешыға алмады. Бельгиялық Лауренц Девоспенесеп 1:4, ал ирландық Оуэн Качкартпен 2:4. Жаттықтырушы Самат Бейсеновтың пікірінше Айдос аяғына дейін шайқасты, партияларда қарсыластарына 8:11, 9:11, 11:13 есебімен есесін жіберіп отырды, бүгінгі күні қазақстандық теннисші өз оппоненттерін алдыға жіберді.

Естеріңізге салсақ, төрт жыл бұрын Нанкинде (КХР) өткен екінші жазғы жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарында Қазақстанның атынан Кирилл Герасименко (Астана) және Юлия Рябова (Қарағанды) шыққан болатын.



Талап Қойбағаров