Гонконгта үстел теннисі бойынша Әлемдік Тур жалғасуда. Жарыстың екінші күні Кирилл Герасименко командалық есептегі 2018 жылғы әлем чемпионы, кадеттер арасындағы жеке есептегі 2013 жылғы әлем чемпионы, 2018 жылғы 3 жасөспірімдер Олимпиада Ойындарының чемпионы 19 жасар Ван Чуцинмен (Қытай) кездесті. Қазақстандықтар бір ғаламат болар деп сенді, үміттенді, алайда, атақты қарсыласымыз біздің теннисшіні жеңіл түрде жеңді, есеп 4: 0. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың пікірі (суретте): "Ван Чуцинмен кездесу тез өтті. Қытайлық өте сапалы, сенімді ойнады және барлық уақытта басымдыққа ие болды. Кирилл үшін бұл басқа деңгей болды. Ван Чуцин аралық ойынды ұтып алды, Кириллдің әлсіз бірінші топс-соққыларын жақсы бұрды. Егер Герасименконың тағы да үстелден алысқа кететінін ескерсек, соққының сапасы бойынша бәсекеге түсу қиын болды. Оқиға барысын өзгертудің жалғыз мүмкіндігі екінші сетте болды, бірақ Кирилл екі рет қабылдауда қателессті, осы сәттен бастап қытайлық тағы да сенімді әрекет ете бастады және бізге ешқандай мүмкіндік қалдырмады".