Үстел теннисінен неміс Бундеслигасының кезекті турында турнирлік кестенің екінші жартысында орналасқан клубтар кездесті: «Werder» (Бремен, 9 орын) және «TTC OE» (Бад-Хомбург, 12 орын). Бремен ойыншылары Маттиас Фальк (Швеция), Кирилл Герасименко (Қазақстан), Хунор Сеч (Румыния) өз алаңында Лев Кацманды (Ресей), Рарес Сипошты (Румыния) және Густаво Цубойяны (Бразилия) сынап көрді. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Кирилл Герасименко Ресейдің екі дүркін чемпионы Лев Кацманға қарсы ойнады. Қызықты ойынды біздің жерлесіміз жеңіспен аяқтады, есеп 3:1. Жалпы командалық есепте 3:1 және "Werder" (Бремен) клубы тоғызыншы орыннан жетінші орынға ауысты.
Маттиас Фальк («Werder») - Рарес Сипош («TTC
OE») 3:2;
Кирилл Герасименко («Werder») - Лев Кацман («TTC OE») 3:1;
Хунор Сеч («Werder») - Густаво Цубой («TTC OE») 2:3;
Маттиас Фальк («Werder») - Лев
Кацман («TTC OE») 3:2.
Талап Қойбағаров