Болжамды жеңіс

28.03.2021

Үстел теннисінен 2006 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты. Алғашқы медальдар командалық турнирде ойнатылды.

Ұлдар.

Бірінші орын Қарағанды облысы (Алан Құрманғалиев, Әмір Торғайбеков, Матвей Князев, Ален Бурамбек, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Александр Брижевский);

Екінші орын Түркістан облысы (Абдұлла Мамай, Рамазан Нәзір, Нұржігіт Жолдыбай, Әзиз Пердебек, жаттықтырушылары Ержан Есімханов, Бақдәулет Сыдықов);

Үшінші орын Маңғыстау облысы (Арман Ханзада, Әлімжан Бахыт, Мугтасим Бахыт, Родион Уклеин, жаттықтырушылары Еркін Бурбасов, Махатай Рамазанұлы, Жамбыл Атаниязов, Раушан Исламғалиева).

Қыздар арасында Қарағанды, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының теннисшілері құрмет тұғырына көтерілді.

Қыздар.

Бірінші орын Қарағанды облысы (Виктория Мочалкина, Екатерина Охмак, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким);

Екінші орын Батыс Қазақстан облысы (Аружан Бекіш, Аружан Ілияс, Гүлназ Бұланова, Мариза Ақмұрзина, жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин, Дулат Жүзбаев, Гүлчехра Хусейнова);

Үшінші орын Түркістан облысы (Шахзода Ахмадәлиева, Назым Серікбай, Гүлера Шавкатова, Дариға Кенжебекова, жаттықтырушылары Ержан Есімханов, Шохрух Абдазимов).

Енді бізді жеке есепте, жұптық және аралас разрядтарда марапаттар үшін жекпе-жектер күтуде.


Талап Қойбағаров