Болжамды көшбасшы

27.06.2018

Алматыда үстел теннисінен әйелдер командалары арасында Қазақстанның Ашық чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды. Соңғы жылдар көшбасшысы құрамында Наталья Сладкова және Зәуреш Ақашева бар «Қарағанды-1» клубы барлық сегіз матчты 3:0 есебімен жеңіп бірінші орынды иеленуде. Бүгін қарағандылықтарға «Гүлдер» (Түркістан облысы) командасының ойыншылары Сарвиноз Мірқадірова және Мәлика Илхамжанова қарсылық көрсеткілері келді. Олар әр матч үшін күресті, партиялардағы есепте ең төменгі айырмашылықпен ұтылды, аяғына дейін ойнады, берілмеді, бірақ бүгінгі күнде «Қарағанды-1» Қазақстандағы күшті команда.

Екінші – үшінші орындарды өз араларында «Гүлдер» және «Павлодар-1» командалары бөліп алды, бұл командалардың құрамында «Шаңырақ» мектеп-интернат-колледжінің 15-жасар спорт шеберлері Ангелина Романовская мен Анель Бахыт ойын көрсетті. 4,5,6,7,8,9-шы орындарды тиісінше «Қостанай», «Жетісу» (Алматы облысы), «Мартөбе» (Шымкент), «Карағанды-2», «Павлодар-2», БЖМОРСМ (Түркістан облысы) командалары иеленді.





Талап Қойбағаров