160 мың доллар АҚШ жүлде қорымен үстел теннисі бойынша Болгария ашық чемпионаты Панагюришт қаласында өтуде. Ертең, біліктіліктен тыс, жарыстың негізгі торымен Қазақстан құрамасының көш басшысы Кирилл Герасименко жарысты бастайды. Онымен бірге 1/64 финалда әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары Сюй Синь (Қытай), Дмитрий Овчаров (Германия), Ма Лонг (Қытай), Нива Коки (Жапония), Владимир Самсонов (Беларусь), Томокази Харимото (Жапония), Чуан Чи-Юань (Тайбэй) өздерінің қарсыластарын күтеді. Кирилге табыс тілейміз!
Талап
Қойбағаров