Болгариядан Испанияға

19.05.2025

20-23 мамыр аралығында Пладжа-де-Арода (Испания) 25 елден келген спортшылардың қатысуымен үстел теннисінен "WTT Youth Contender" халықаралық турнирі өтеді, олар 19, 17, 15, 13, 11 жас санаттарында медальдар мен рейтингтік ұпайларды ұтысқа салады. Қазақстанның атынан кеше Болгарияда өткен турнирде ойнаған Жания Бекмухамбетова, Артём Ваплет, Дагир Данияров, Әмір Сарқытбай өнер көрсетеді, жаттықтырушысы Юлия Даниярова.

Талап Койбагаров