Болгарияда үшінші орын

25.08.2025

Панагюриште қаласында (Болгария) Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Үндістан, Италия, Ирак, Қазақстан, Корея, Молдова, Румыния, Словакия, Сербия, Қытайдың Тайбэйі, Украина, Франция, Жапония спортшыларының қатысуымен «WTT Feeder Panagyurishte» турнирі аяқталуда.

Зауреш Акашева (жаттықтырушысы Эльмира Алиева) Мириам Карновалені (Италия) 3:1, Доминика Вильчкованы (Словакия) 3:0, Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 ұпайларымен жеңіп, Анастасия Димитренкоға (Украина) 1:3 есебімен жол беріп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз.


Қазақстандықтардың арасында ширек финалға жеткендер:


Жанерке Кошкумбаева (жеке разряд),

Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық разряд),

Зауреш Акашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық разряд),

Жанерке Кошкумбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық разряд), Искендер Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас разряд).


Талап Қойбағаров