Болашақтағы жеңістер үшін еңбек ету

14.11.2018

"Hungary Junior & Cadet Open"дәстүрлі турнирге қатысқан Қазақстан үстел теннисінің жас шеберлері Венгрия қаласы Сомбатхейден оралды. Қазақстан Республикасының кадет құрамасының аға жаттықтырушысы Евгения Тимченконың сұхбаты: «Біздің қарсыластар Венгрияға өздерінің мықты спортшыларын әкелгендіктен, осы жарыс «Premium» класс болды. Қазақстан кадет командалары (Искандер Харки, Сағынтай Құрмамбаев, Санжар Жұбанов және Алан Құрманғалиев) 0:3 есебімен Қытайдан жеңілді, Венгрияның алғашқы құрамасынан 2:3 және Швецариядан 3:0 сенімді түрде басым түсті.

Қыздар Анель Бахыт, Ангелина Романовская, Александра Смирнова, Сәрвиноз Мірқадірова Чехиядан келген құрбыларына жол берді 1:3, Венгрияны 3:2 және Беларусьті 3:1 жеңді.

Жеке жарыстарда ұлдар да, қыздар да жақсы ойындарын көрсетті, жарыста қарсыластарына 2:3-пен жол берді. Біздің теннисшілердің ойындардан алған әсерлері жағымды, алға басу бар. Болашақтағы үлкен жеңістер үшін әрі қарай еңбек етеміз».


Талап Қойбағаров