Катарда (Доха қ.) Азия үстел теннисі Одағы академиясының бағдарламасы аясында "Болашақ жұлдыздардың қалыптасуы" атты халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды. Бес дүркін әлем чемпионы Питер Карлссон (Швеция) өткізетін оқу-жаттығу жиыны, жаттықтырушылармен де, спортшылармен де теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. ОЖЖ-ға 22 елден 72 теннисші қатысады.
Қазақстанның атынан Кадырали Кабдылуахитов, Нурислам Касым,
Альбина Жаксылыкова, Алиса Цвигун, жаттықтырушылар Ердаулет Оразбаев, Даулет Искаков,
Агиза Шалабаева қатысады.
Талап Қойбағаров