Болашақ жеңістер үшін жақсы бастама

13.03.2018

Бангкокте (Тайланд) үстел теннисінен оқу-жаттығу жиыны және азия«Hopes Week» бағдарламасы бойынша турнир өтті, ондаСингапур,Малайзия, Тайланд, Иран, Сирия, Пәкістан, Үндістан, Шри-Ланка, Иордания, Йемен және Қазақстаннан келген (12 ер және 12 қыз бала) дарынды спортшылар қатысты. Біздің еліміздің атынан Қарағандылық 11-жасар Алан Құрманғалиев барды (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева), ол (ITTF)Халықаралық үстел теннисі Федерациясынан арнайы шақырту алған болатын. Жиындар ITTF сарапшысы Ева Желердің (Германия) басшылығымен бапкерлер семинарымен қоса, екі мезгіл жаттығу режимінде 2,5-3 сағаттан өтті. Эльмира Әлиева атап өткендей қазірдің өзінде осындай жас санаттағы балаларға допты беру кезінде тактикалық комбинацияларды пысықтауға арналған әр түрлі күрделі тапсырмалар берілді, оның ішінде допты жетік меңгеру, «қарсыласының айла тәсілін» алдын-ала оқып білу, ұтысты үшінші доппен аяқтау. Оқу-жаттығу жиыны соңында (ОЖЖ) мықты деген 10 спортшының арасында турнир өтті, онда ОЖЖ ең жас қатысушысы Алан Құрманғалиев 5-орынға ие болды.Иран, Пәкістан, Сирия және Шри-Ланкадан келген қарсыластарды жеңдік. ITTF сарапшылары Аланның қарқынды екі жақты шабуылдаушы ойынын, оның жинала білуін, психологиялық тұрақтылығын, өзін-өзі ұстай білуі және еңбекқорлығын атап өтті. Ойын техникасын жақсарту жөнінде ұсынымдар берді. Азия «Hopes Week» турниріне қатысу - болашақ жеңістерге жақсы бастама. 2019 жылы Алан өз қатарластарының арасында көшбасшы болып, әлемдік «Hopes Week» жүйесіне сараланады деген сенім бар.

P. S.

ITTF үнемі бүкіл әлем бойынша дарынды балаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп, оларға одан әрі қарай қолдау көрсетеді.«Regional Hopes Week & Challenge» аймақтық іріктеу жарыстарында жеңімпаздар анықталып, олар жыл көлемінде өздерінің тәлімгерлерімен бірге ITTF есебінен 12 беделді турнирлерге және барлық халықаралық бірлескен жиындарға қатысатын болады.

Суретте: Алан Құрманғалиев, Азия үстел теннисі Федерациясының Вице-президенті Авшин Бадий (Иран) және Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева.


Талап Қойбағаров