(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлесіп "With the Future in Mind" (WFIM "болашақ туралы оймен") бағдарламасы бойынша 2021 жылға арналған стипендиаттар тізімін жариялады. Бұл тізімге Токиодағы Олимпиада Ойындарына жолдама иегерлері және ITTF қолдайтын болашағы зор жас спортшылар енді. Бұл тізімге Қазақстанның ең жас чемпионы Алан Құрманғалиев енгенін қуанышпен атап өткен жөн. Құттықтаймыз!
WFIM бүкіл әлемдегі келешегі бар ойыншыларға Олимпиадалық
арманға ұмтылуда және үстел теннисінде одан арғы жоғары бәсекеге қабілеттілік
мақсатында бағытталған.
Талап Қойбағаров