Бұл өте қызықты болады

10.03.2022

11, 12, 13 наурызда Алматыда жаңа үстел теннисі орталығында Қазақстанның ашық командалық чемпионатының бірінші туры өтеді. Суперлигада "Хван Ман-Гым" СК (Өзбекстан), "Karven" (Қырғызстан), "Қазаэронавигация" (Нұр-Сұлтан), "Масаншы жолбарыстары" (Жамбыл облысы), "ТТ Сlub Karaganda - 1" және "ТТ Сlub Karaganda-3", "Шолақ Терек" (Қостанай облысы), "Sarkan" (Алматы облысы), "Sigma" (Шымкент), "Павлодар" командалары ойнайды.

I-ші лигада "Хван Ман-Гым-2" СК, Қарағанды-1 ОРМБЖМ, "Ардагер" (Алматы), "Жетісу" (Алматы облысы), "Ертіс" (Павлодар), "Andijan" (Өзбекстан), "Pro100" (Алматы), "Жалын" (Шымкент), "Alga Express" (Алматы), "ТТ Сlub Karaganda-2" клубтары өнер көрсетеді.

Екі мықты лигада 20 команда - бұл дегеніміз жаңа маусымда 20 тапсырма, 20 түрлі ой, бір-біріне ұқсамайтын 20 команда. Бұл өте қызықты болады.

Талап Қойбағаров