Бүкіләлемдік Үстел теннисі күні тағыда жүлде алды

07.06.2018

Лондонның бір-көне сыраханасында «Sports Business Awards-2018» марапаты ұсынылды, бұл марапат спорт жолындағы және коммерциялық бастамалардағы ең маңызды оқиғаларды көтермелейді.Бүкіләлемдік Үстел Теннисі Күні (6 сәуір) үшінші рет марапат алды. «Спортқа деген қамқоршылықтың ең үздік бастамасы» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Мұнымен қатар Бүкіләлемдік Үстел Теннисі «Жаппай қатысу ең үздік іс-шарасы» санатындағы номинация тізіміне кірді. Бұл марапат «Sports Business Journal» және «Sports Business Daily» журналдарымен құрылды.

«Бүкіләлемдік үстел теннисі қауымдастығы тағыда әлемдік назарды біздің спортымызға тартуға ат салысқанына мен мақтан тұтамын. Біз бәріміз бірігіп үстел теннисін қуанышты, барлығы үшін қол жетімді етуге ұмтылдық және де жаңадан келген жанкүйерлерге ашық қылдық, меніңше біз дұрыс жолмен келе жатырмыз. Халықаралық Федерацияның барлық мүшелеріне және үстел теннисінің жанкүйерлеріне бұл жетістік үшін рахмет айтқым келеді», деді ITTFпрезиденті Томас Вайкерт. Ал Халықаралық Федерация Қорының директоры Леандро Ольвех (суретте жүлдемен) «Халықаралық Үстел Теннисі Күні тағыда халықаралық дәрежеге ие болды» деп қосты. Біз адамдардың үстел теннисін басқа адамдарға қол жетімді еткендеріне, мақтан тұтамыз. Осының арқасында міне, біз бір-бірімізді жақын біле аламыз, біздің күшті және әлсіз жақтарымызды да білетін боламыз.

Соңғы 4 жылда Бүкіләлемдік Үстел Теннисі күні әлемдегі ең ірі бұқаралық-спорттық оқиғалардың бірі болды: осы жылдың 6 сәуірінде 97 елде 569 іс-шара болып өтті.




ITTF материалдары бойынша